• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Атырау оркестрі Тәуелсіздік күні қарсаңында Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде концерт береді 15.12.2014

«Тәуелсіздік күніне орай, 15 желтоқсанда Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде үлкен концерт өтеді. Оған Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысушы мемлекеттердің білім, ғылым мен мәдениет салалары өкілдері шақырылды. Шара Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне «Қазақ ұлттық домбыра күйін орындау өнері» мен «Қырғыз және қазақ (көшпелі түркі халықтары) киіз үйлерін дайындаудың дәстүрлі тәртібі мен жолының» енгізілуіне орай ұйымдастырылуда», - делінген хабарлмада.

Сонымен қатар, оркестр Франция Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырылған шараларға қатысады. 14 желтоқсанда француз Фонтенблосында концерт өтеді.


Back to the list