• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ұлт мұраты» жинағы жарық көрді (ФОТО) 13.12.2014

«Ұлт ретіндегі біздің басты құндылығымыз тәуелсіздік десек, Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы сол байлығымыздың тірегі іспетті. Бүгін оқырманға жол тартып отырған «Ұлт мұраты» жинағының мазмұны мәңгілік ел идеясымен біте қайнасқан. Жалпы еңбекте сонау көк түрік дәуірінен бері көшпенділер халқының ұлттық мүддесіне айналған мәңгілік ел идеясын іске асыру жолындағы ұлағатты дүниелер мен тарихи деректер келтірілген», - дейді Дархан Мыңбай.

2000 данамен шығып отырған жинақ осы сала ғалымдарымен қатар қарапайым көпшілікке де арналған. Айта кетейік, шарада «Ұлт мұраты» жинағынан бөлек Қырым Алтынбековтың «Возрожденные сокровища Казахстана» кітабының да тұсауы кесілді.

Салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай «Музей достары» клубы бастамасы аясында бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлеріне аталмыш клубтың мүшелік билеттерін табыстады. Олардың арасында саясаттану ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов, Парламент Сенатының депутаты Мәулен Әшімбаев пен өзге де белгілі тұлғалар бар.

Бауыржан Мұқанов


Back to the list