11.12.2014
««Жаңғақ шаққыш» балеті – бұл адам жанының қалай есейетіні, махаббат сезімі кеудеңе ұя салатыны жайлы поэзиялық әңгіме. Бас кейіпкермен бірге көрермен де, Жаңғақ шаққыш-қуыршақтың күлкілі келбеті мейірімді батыл жүрек иесін жасыратынын, ал қуыршаққа деген махаббат пен жанашырлық бас кейіпкер үшін ғажап Ханзадамен кездесуге айналатынын түсіне бастайды», - делінген хабарламада.
Қойылымға қатысатын «Астана Опера» балетінің солисттері: Мари – Мәдина Баспаева, Әйгерім Бекетаева, Әнел Рүстемова, Гауһар Усина, Жаңғақ шаққыш-Ханзада – Бақтияр Адамжан, Досжан Табылды, Тайыр Гатауов, Еркін Рахметоллаев.
Қиялға толы спектакльдің тұсаукесері театрдың бас сахнасында желтоқсанның 25, 27, 28 және 31 жұлдызында өтеді.