• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанадағы көрмеге Жібек жолы дамуының бірегей экспонаттары қойылды 10.12.2014

Мәдениет және спорт министрлігінен хабарлағандай, көрме Жібек Жолының І Халықаралық мәдени форумы аясында өткізілуде.  Көрмені ашу барысында мәдениет  вице-министрі Ғалым Ахмедьяров Ұлы Жібек жолын Азия мен Еуропаны ғасырлар бойы байланыстырған мәдени құндылық ретінде атап өтті.

«Ұлы Жібек Жолы - интеграция жолы, Шығыс пен Батыстың диалогы. Ол екі мыңжылдық бойы адамзат дәуірінің дамуына, гүлденуіне үлкен үлес қосып келген», - деп мәлімдеді вице-министр.

Жалпы, көрмеге Ұлы Жібек Жолының дамуымен тығыз байланысты және ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік құндылықтар тізіміне енгізілген тарихи көне жәдігерлер  қойылды.

Ғалым Ахмедьяров атап өткендей, ведомсвто ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік құндылықтар тізіміне тарихи нысандарды енгізу және оларды сақтауға көп көңіл бөліп келеді.

Бұдан басқа, Қазақстан мен Қытай «Жібек жолының бірегей үлгісі» көрмесі Қазақстанның Ұлттық музейінің қорына қайтарымсыз экспонаттарды беру туралы келісімге қол қойды.


Back to the list