30.11.2014
Концерттік бағдарламада «Көк түріктер» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің мүшелері мен халықаралық конкурс иегерлері домбыра, жетіген, қобыз сынды ұлттық аспаптармен күмбірлете күй төгіп, әуелете ән салып көрермендерін әсем әуен құшағында тербетті.
Сондай-ақ, тәжік, қырғыз, молдова, армян халықтарының фольклорлық шығармаларымен қатар, совет композиторларының танымал әндері шырқалды. Қазақстандық өнерпаздар орындаған опералық ариялар да тыңдаушыларын тәнті етті.
Концерт соңында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов өнер шеберлеріне тамаша мәдени бағдарлама үшін алғыстарын жеткізді.
Осы концертпен Санкт-Петерборда басталған парламенттік іс-шаралар өз мәресіне жетті.