28.11.2014
«Бүгінгі көрме Елбасының ресми бейнесінен тыс күнделікті өмірдегі жеке бас қасиеттерін көпшілікке таныстырған ерекше бір шара болып отыр. Менің тануымша, Елбасының ең басты қасиеттерінің бірі – Отанға деген сүйіспеншілігі. Қазақстандықтардың бүгінгі күнге жетуі мен елдің үлкен жетістіктерге қол жеткізуі, сөзсіз, Елбасының халқына деген махаббатының көрінісі», - дейді министр.
Көрмеде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жан-жақты қырларын көрсететін қызықты және тосын фотосуреттер, Мемлекет басшысының ойтолғаулары, қазақстандық отбасылармен, балалармен, қала және ауыл еңбеккерлерімен кездескен қуанышты сәттері, сондай-ақ белгілі суретшілердің портреттік еңбектері қойылған.
Бауыржан Мұқанов