26.11.2014
Мәдениет күндерінің қорытындысы бойынша Бас жүлдені Жамбыл ауданы иеленіп, оларға «УАЗ» автокөлігі табыс етілді. Сонымен қатар, І орын – Кербұлақ (700 мың теңге), ІІ орын – Ақсу (500 мың теңге), ІІІ орын - Райымбек, Қаратал аудандарының (350 мың теңгеден) ақшалай сыйлықтар табысталды.
Мереке соңы аудан, қала өнерпаздарының Гала-концертіне ұласты.
Сондай-ақ, А.Баталов биылғы өткен аудан, қала мәдениет күндері аясында өңірдің атақты перзенттері – Үмбетәлі Кәрібаевтың – 125, І.Жансүгіров пен Тұрар Рысқұловтың – 120, Ораз Жандосовтың – 115, Әбілхан Қастеевтің – 110, Мұсабек Сеңгірбаевтың – 100, Бердібек Соқпақбаевтың 90 жылдық мерейтойлары лайықты аталып өткенін жеткізді.
«Рухани құндылық пен жоғары адамгершілік жоқ жерде мәдениет салтанат құрмайды», - деп Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, аудан, қала мәдениет күндері биылғы жылы «Мәңгілік ел» идеясы аясында «Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Елдігіміз жасай берсін мәңгілік» тақырыбында өтті. Осы орайда ата-бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді сақтау, оны дамыту баршамыздың ортақ мақсатымыз, парызымыз. Сондықтан Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айтылған келер жылғы Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің 70, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерекелерін лайықты өткізуіміз керек. Оған біркісідей атсалысуға тиіспіз, - деді облыс әкімі Амандық Баталов өзінің құттықтау сөзінде.