23.11.2014
Қазақстандық әнші Жанар Дұғалова шешуші кезеңі Қазан қаласында (Татарстан) өткен «Turkvizyon-2014» ІІ халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.
«Қазанға ұшып барғанымызда жеңістен үмітті едік. Біз күллі Қазақстан үміт артып отырғанын түсінетінбіз, кейін байқау алды дайындықтарда Жанардың басты жүлдеге таласа алатыны белгілі болды», - деді Б.Есентаева.
Turkvision-2014 байқауы жеңімпазының продюссері қазақстандықтарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.
«Мен бізге қолдау көрсеткен барлық отандастарымызға алғыс білдіремін. Барша Қазақ еліне үлкен рахмет. Осындай халықаралық деңгейдегі дүбірлі додаларда еліміздің намысын қорғауға мүмкіндік бергендеріңіз үшін рахмет», - деді ол.
Жанар Дұғалова «Ізін көрем» деген әнімен жалпы есепте 225 ұпай жинады. Байқаудың ақтық кезеңінде Қазақстан, Татарстан, Түркия, Башқұртстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Македония, Иран, Қрым, Босний, Болгария, Якутия, Әзірбажан ен Түрікмеснстаннан келген 15 сайыркер өнер көрсетті.
Байқау жеңімпазы 100 млн көрермені бар ТМВ TV (Түркия) халықаралық телеарнасында бір жыл бойы бейнебаянын көрсетуге мүмкіндік алды және қаржылай сыйықыға ие болды.
Камила Амирова