• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызылордада көркем сурет галереясы ашылды (Фото) 16.11.2014

«Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев көркем сурет галереясының ашылуына қатысып, қылқалам шеберлерінің жұмыстарымен танысты. Ғимараттың бірінші қабатында атақты Ә.Қастеев, Г.Хлудов, Г.Исмаилов, А.Ғалымбаева, С.Сенчихин, Қ.Қожықов, Ө.Мамақова және т.б. суретшілердің 260 картиналары қойылған 3 көрме залы орналасқан.  Сондай-ақ, қылқалам шеберлерінің шығармашылықпен айналысуы үшін екінші қабаттан 6 шеберхана қарастырылған», - делінген хабарламада.

Суретшілер облыс әкіміне шығармашылықпен айналысуға барлық жағдай жасағаны үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта жұмыстарын одан әрі жандандыратынын айтты.  Өңір басшысы мен көркем сурет шеберлері өзара пікір алмасып,  облысымыздың тарихи орындарында ашық аспан астындағы мұражай ашу туралы ұсыныс қолдау тапты.

Айта кетейік, бүгінгі күні облыс бойынша Қазақстан Суретшілер Одағында 32 жергілікті қылқалам шеберлері бар.  


Back to the list