• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматыда  көзі нашар көретін балалардың шығармашылық көрмесі өтті – МСМ 14.11.2014

«20 мүмкіндігі шектеулі бала Қазақстанның белгілі суретші-мүсіншілерімен бірге  дайындалып, 10 сабақ өткізді. Бір ай көлемінде Қазақстанның танымал мүсіншілері Павел Шорохов, Шоқан Төлеш, Дархан Әтейбеков, Дулат Қажыбаев зағип балаларға мүсін өнерінің қыр-сырын үйретті.Олардың туындылары бүгін қалың көпшілік наразына ұсынылды. Мәдени шара балаларды мүсіншілердің жұмысын дене түйсігі арқылы қабылдауға, ермексазды пайдаланып, өз түсінігінде сол қабылданған дүниені сомдауға баулуды мақсат тұтады», - делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, ішкі сырын ақтаруға септігін тигізеді. 


Back to the list