11.11.2014
«Қызылорда облысының мәдениет күндері облыстық өнер мұражайында «Шежірелі сыр елі» этнографиялық көрмесімен ашылды. Онда Қызылорда аймағындағы қазба жұмыстары кезінде табылған ұлттық әшекейлер, аспаптар, ыдыстар, қару-жарақтар қойылды. Мұнда жұртшылық назарына барлығы шамамен 180 экспонат ұсынылған», - делінген хабарламада.
Ал облыстық драма театрында Қызылорданың шығармашылық иелерінің «Сыр - Алаштың анасы» атты гала-концерті өтті.
Сондай-ақ, ертең қызылордалық өнер шеберлері облыстың Әйтеке би және Ырғыз аудандарына барып, есеп беру концертерін қояды.