• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Елордада  «Астана Опера» және «Ла Скала» «Аида» операсын   ұсынады 11.11.2014

Операда шырқауға шақыртылған аты әйгілі жұлдыздар: Аида партиясын американдық сопрано Кристин Льюис сомдайды. 2010 жылы әнші Савонлинна Опералық фестивалінде «Жыл әртісі» болып марапатталған. Мұнымен қатар ол «Арена ди Верона» қорының «Oscars of the Opera» марапатын иеленген, деп хабарлады театр.

 «Астана Опера» төрінде Радаместі итальяндық тенор Уолтер Фраккаров шырқайды, әртісті Миландағы «Ла Скала», Нью-Йорктегі «Метрополитен-опера», Мюнхендегі «Бавариялық мемлекеттік опера» және басқа әлемнің ең беделді сахналары өнер көрсетуге жиі шақырады.

Екінші құрамда Радаместің партиясын Италиядан келетін тенор Густаво Порта сомдайды. Тұсаукесердің бірінші күнінде Аманасро партиясын замандастарының ішіндегі ең мықты әншілердің бірі, тембрлі-кең баритон иесі Лука Салси орындайды, екінші күні сахнаға Альберто Газале (Италия) шығады. Марина Пруденская (Мариинский театры, Ресей) бірінші құрамда Амнерис партиясын ойнайды. Пруденскаяның ариядағы, бидегі пластикасын мысықтікіне жиі теңейді, және зор, қоңыр дауысты десе де болатын меццо-сопрано әншілерге сыншылар қашанда сүйсініп қарайды. Екінші құрамда бұл партияны Екатерина Губанова шырқайды. 

«Астана Опера» төрінің дирижерлік тізгініне теңдесі жоқ канадалық Кери-Линн Уилсон алғаш рет иелік етеді. Оны күллі әлемнің опералық театрлары біледі, бұл әйелдің бойынан тасыған қуаты пәрменімен таңдай қақтырады. Уилсон «жауһарға дирижерлік ету — үлкен сынақ» деп есептейді. 

Қойылымға опера, ерлер және әйелдер хорының солисттерінен бастап, балет, оркестр, миманс әртістері мен балаларға дейін, шамамен 200 адам қатысады. Қойылымның бар қиындығы мен ауқымдылығы, бірінші және екінші акт барысында барлық әртістердің санаулы минут ішінде костюмдерін, парик және гримдерін толық өзгертіп тұруы керектігінде. 


Back to the list