05.11.2014
«Башқұрт мәдениеті күндеріне орай С. Баишев атындағы Ақтөбе мемлекеттік унверситетінде ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған жергілікті тұрғындардан басқа Башқұрт мемлекеттік аграрлық университетінің және Уфа мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары қатысты. Конференцияның мақсаты академиялық тәжірибемен алмасу», - делінген хабарламада.
Әкімдіктен атап өткендей, «Шатлык» татар-башқұрт этномәдени бірлестіктің шарасына Ақтөбеде тұратын татарлар мен башқұрттар, көрші облыстың және Башқұртстаннан келген қонақтар көптеп жиналды. Башқұрт мәдениеті мен дәстүрі таныстырылған шара аймақта алғаш рет өтікізілді.
Бұдан басқа, Достық үйінде тұрғылықты башқұрттардың тыныс тіршілігінен, қолөнерінен сыр шертетін фото көрме, әдебиет көрмесі, аспаздық және ұлттық киімдер көрмесі өтті.
Айта кетерлік жайт, облыстық мәдениет басқармасы мен Достық үйі белсенді қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады.