04.11.2014
«Өздеріңіз білетіндей, келер жылы ҚХА мен Конституцияның 20 жылдығы таталып өтіледі. Сонымен қатар, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толады. Осы ретте атаулы күнді атап өту үшін арнайы тұжырымдама жасалды. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл олуына орай 20 бөлімнен тұратын фильм түсірілетін болады», - деді А.Мұхамедиұлы.
Бұдан басқа, ведомство мерейлі мерекені атап өту үшін арнайы шаралар Жоспарын жасақтады. Оған сәйкес 2015 жылы ғылыми-көпшілік, деректі, көркем фильмдер шығады.
«Бұл не үшін керек деген сұрақтар бар. Қазіргі кезде қазақ хандығына қатысты ғалымдардың тұжырымы бір жолға түскен кезде көркемдік жанрға шығаруымыз керек», - деді А.Мұхамедиұлы.
Министр атап өткендей, 2015 жылдың қаңтарынан бастап сериалды түсіру жұмыстары басталады.
Камила Амирова