• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Түркияда  Қазақстан туралы фотокөрме ұйымдастырылды - СІМ 28.10.2014

«Көрермендердің назарына ұсынылған фотографиялық жұмыстардың ішінде Қазақстан ірі қалалары көрікті жерлерінің, мәдени және тарихи ескерткіштерінің, түрлі мүсіндердің, табиғаттың ерекше жерлерінің пейзаждары, флора және фаунаның көріністері болды. Экспозицияға шығарылған жұмыстар түрік фотографының Қазастандағы көптеген саяхаттарының нәтижесінде істеген жұмысы болып табылады», - делінген хабарламада.

Іс-шараға ТР Мәдениет және туризм министрлігінің өкілдері, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі қызметкерлері, Анкара дипломатиялық корпусының, халықаралық ұйымдардың, Түркияның қоғамдық-саяси және ғылыми-академиялық топтарының өкілдері, қазақ студенттері мен диаспорасы және т.б. қатысты.

Явуз Алатан Түркияның танымал журналисті және фото-сүретшісі болып табылады. Оның коллекциясындағы көптеген елдің сүреттері, атап айтқанда Қазақстан, Әзербайжан, Ресей Федерациясы (Башкирия мен Татарстан), Куба, Ирак, Молдова, Германия, Қытай және т.б., Анкара мен Ыстамбұлдың орталық сүрет галереяларында көрсетілуде.


Back to the list