23.10.2014
Үш күнге созылатын ән кешін 5 мыңнан аса көрермен және Павлодар облысына келген қонақтар тамашалайтын болады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
«Фестивальге қатысушылар қатарында аса көрнекті опера әншілері Владислав Пьявко (РФ), Гаяна Гегамян (Армения), Қазан консерваториясының ректоры, пианист Рубин Абдуллин, Сербияның еңбек сіңірген әртісі, Сербия Ұлттық опера театрының директоры Бранислав Ятич, Ф.Шаляпин атындағы белорус қауымдастығының төрағасы Олег Мельников, әлемге танымал кларнетист Юлиан Милкис (АҚШ) бар», - делінген хабарламада.
Айтулы шара аясында балет өнері шеберлерінің қойылымы да жоспарланған. Фестиваль 24 қазанда гала-концертпен аяқталады.