20.10.2014
«Аталмыш фестиваль 2 кезеңнен тұрады. Барлық кезеңдер халық алдында өткізіліп, фестиваль қатысушылары – Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия және Өзбекстан елдерінің өкілдері «қазақ вальсінің королінің» шығармаларынан 4 ән орындайды», - делінген хабарламада.
Фестиваль қазақ ән салу өнерін дамыту, Шәмші Қалдаяқовтың әндерін халық арасында орындайтын дарынды жастарға қолдау көрсету және қазақстандық эстрада өнері шеберлерінің өнерін халыққа ұсыну мақсатымен өткізіледі.
24 қазан күні шара қорытындысы жария етілетін Гала-концерт өтеді.