• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Елордада «Жас ұлан-2014» әскери әндер байқауы өз мәресіне жетті 18.10.2014

«Ән сайысының қорытындысы бойынша, «Вокалдық-аспаптық ансамбль» номинациясында бірінші орынды Аэроұтқыр әскерлері 18404 әскери бөлімінің вокалдық тобы жеңіп алды. «Фольклор» номинациясындағы бірінші орын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 40398 әскери бөлімінің «Шашу» тобына берілсе, «Вокал» номинациясында бірінші орынға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 03858 әскери бөлімінен келген старшина Сейітқасым Имадуллаев ие болды», - делінген хабарламада.

Министрліктен хабарлағандай, жас таланттар – жалпы білім беру мектептері, лицейлер мен колледждердің өкілдері де назардан тыс қалмады. Олар Астанаға еліміздің түкпір-түкпірінен келіп өнер көрсетті. Жас орындаушыларға «Жас ұлан-2014» XVI республикалық әскери әндер фестивалінің дипломдары табыс етілді.

Оның үстіне, «Ауғанстан және оқшау соғыстар ардагерлері одағының» жүлдесімен «Ардагер» вокалдық-аспаптық тобы, сондай-ақ Ринат Шүкіров марапатталды. Олар ҚР ҰҚК Шекара қызметінің атынан өнер көрсеткен болатын.


Back to the list