10.10.2014
Түбі бір түркі елдерінен келген өнерпаздар бабадан қалған бағзы өнердің туын көкке көтерді.
«Қобыздың қоңыр үні, сырнайдың сыңғыры, дәстүрлі әншілердің ашық дауысы кештің ажарын аша түсті. Басты жаңалық, алғаш рет сахнада Қорқыт атаның нақыл сөзіне жазылған түрік халқының әні «Дәде Қорқыт» орындалды.
Алтай асып төрт құрлықтың түкпір-түкпіріне тарыдай шашылып кеткен түркі халықтарының басын дәстүрлі музыка біріктіреті тағы бір дәлелденді», - делінген хабарламада.
Қорқыт бабамыздың музыкалық мұрасын, түркі халықтарына ортақ дәстүрлі өнерді қадірлеп, қастерлеу, кейінгі ұрпаққа саф алтындай таза күйінде аманат етуді мақсат еткен фестиваль өз мәресіне жетті.