09.10.2014
Бас қала спектакльдердің әр күнін аншлагпен қабылдады. Үш апта ішінде өнер ошағына он бес мыңнан астам көрермен келді.
«Фестиваль атақты тұлғаларға бай болды. «Тоска» операсында өнер көрсеткен әйгілі итальяндық үштік: Анна Пироцци, Массимо Джордано мен Альберто Газале бұл жобаға ұзақ ғұмыр тілеп, жарқыраған көрнекті әртістер «Астана Опера» шаңырағының астында жыл сайын бас қосып, тәжірибе алмасып, Қазақстанның музыкалық шығармашылығымен танысу мүмкіндігіне ие болсын деген ниет білдірді», - деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.
Фестиваль аясында көрсетілген «Аққу көлі», «Ромео мен Джульетта», «Спартак» балеттері «Астана Опера» репертуарынан лайықты орынды иеленіп, бұл күзде Америка, Франция және Ресейден келген шеберлер оның ажарын аша түсті.