08.10.2014
Әуезов атындағы театр Бішкектегі гастрольдерін қазақ әдібиетінің ұлы қайраткерінің бойындағы адамгершілік, әділдік сынды қасиеттері туралы баяндайтын «Абай» романтикалық трагедиясымен ашты, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі.
Театр көрермендерге әлемдік классиктермен қатар қазақ драматургтерінің шығармаларын да көрсетпекші. Олардың қатарында «Сыған серенадасы» мюзиклі де бар.
Қырғыз астанасына театр труппасымен бірге қазақстандық қана емес, қырғыз театр әуесқойларының көзайымына айналған КСРО Халық әртісі, Қазақстан Республикасы көрнекті өнер қайраткері, М.Әуезов атындағы қазақ академиялық театрының шығармашылық жетекшісі Асанәлі Әшімов те барды. Ол Герхард Гауптаманың «Күн батар алдында» атты қойылымында басты рөлде ойнайтын болады.