02.10.2014
«2014 жылдың тамыз айында өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өткен ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі отандық және шетелдік серіктестерімен табысты шығармашылық байланыстарды дамыта отырып, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен мәдени мұрасын насихаттаушы мәдени ынтымақтастықтың әйгілі орталығы болып табылады», - делінген хабарламада.
Келушілерді Орта Шығыстың ең маңызды саяси орталықтарының бірі – Бұхар әмірлігінің билік элитасының субмәдениетімен таныстыру. Билік элитасы көп еңбекті қажет ететін қымбат бұйымдардың негізгі тұтынушысы болды: салтанатты киімдер, ат-әбзелдері, зергерлік әшекейлер. Бұл заттардың маңызды бөлігі дипломатиялық сыйға арналған. Мұндай бірегей заттардың үлгілері кәсіби этнографтардың бүгінгі күнге дейін ұзақ әрі мақсатты түрде жүргізген жұмыстарының нәтижесінде сақталды. Көрменің заттық кешенінің байлығы және тұтастығы XIX ғасырдағы билік элитасы өкілдерінің өміріндегі әртүрлі көріністермен толық көлемде танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ экспозицияда сән-салтанат және киім, музыкалық аспаптар және исламдық ғибадат заттары, шерулік қару-жарақтар және ат жабдығы, аушы құстармен аң аулау көріністері ұсынылады.