23.09.2014
Құрметті қонақтардың арасында Парламент мүшелері, Елисей сарайының, Үкімет, халықаралық дамыту және сыртқы істер Министрлігінің, сондай-ақ өзге де орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, іскерлік орталардың өкілдері, мәдениет және ғылым, сонымен қатар Парижде аккредиттелген дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың қайраткерлері болды.
«Балет өте әдемі екен. Қойылым аса көркемді! Бишілер бірінен бірі асқан, техникалары да жоғары дәрежелі», - деп өз пікірін Лихтенштейн Князьдігінің Ханшайымы М. Де Лихтенштейн де білдірді.
«Қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, жергілікті және ғаламдық ауқымда даму жолында белсенді дипломатиясы мен ықыласының арқасында соңғы жылдары Қазақстан әлемдік деңгейде өзін өте жақсы танытуда. Елдеріңіздің бай мәдениеті біздің жүрегімізде ерекше орын алады. Осындай көркем кешті сыйлағандарыңызға рахмет!», деді Францияның еңбек сіңірген профессоры, академиялық пальмаларының Орден кавалері, Қазақстан Республикасының бейбітшілік пен рухани келісімі Премиясының лауреаты, жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алтын медаліне ие болған Альберт Фишлер.
Қазақстанның Франциядағы мәдени маусымы шеңберінде өтетін түрлі шаралар 2014 жылдың соңына дейін созылмақ.