22.09.2014
Министр қазақстандық тарихи орындарды адамзаттың жетістігі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына ұсыну туралы мәлімдеді.
«Хазрет Сұлтан мен Таңғалтас және Ұлы Жібек жолының бойында жатқан тағы 8 қала ЮНЕСКО-ның матералдық-мәдени мұрасы тізіміне енгізілді. Бұл келешек ұрпаққа басы бүтін жеткізу мақсатында қолға алынды», - дейді ол.
Министр, сонымен қатар, қазақстандық мәдени орындарды мемлекеттер тарапынан қорғау керектігіне тоқталды.
«Республикамызда бүгінгі таңда 9 қорық музейі бар. Қазіргі таңда министрлік осыларды қорғау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл біздің тарихымызды насихаттауға, мәдени мұраларымызды барша әлемге паш етуге, сонымен қатар мәдени туризмді дамытуға мүмкіндік береді», - дейді ол.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан археология мен музейлер саласында дамудың бірінші сатысында. «Алдағы уақытта біз осы салада айтарлықтай жетістікке жететінімізге сенімдімін», - деді министр.
Суретті түсірген Азамат Әлиев