18.09.2014
«Шәкен Аймановтың шығармашылығы мен өмірі алдыңғы қатарлы кинотанушылардың авторлық мақалалары мен әр жылдардың баспасөз беттеріндегі публикациялары мен замандастырының естеліктерінде көрініс тапқан», - дейді кітап авторы, Қазақстанның киноматографтары кеңесінің мүшесі, журналист Тамара Смайылова.
«Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шәкен Аймановтың сирек фотосуреттерінен тұратын альбом да жарыққа шыққан.
Сонымен қатар, «Еуразия» кинофестивалі аясында бірқатар шаралар жоспарланған. Соның ішінде «Шәкен Айманов: адам және аңыз» атты режиссер Болат Нүсіпбековтың деректі фильмінің премьерасы мен шебердің үздік жұмыстарының ретроспективті көрсетілімі жоспарланған.