• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Отандық кино өнеркәсібі қарқынды дамуда – Бөрібаев 17.09.2014

«Отандық кино өнеркәсібі қарқынды дамуда, ол қазақстандық фильмдерге ел ішінде ғана емес, шетелде де қызығушылық туғызуда. Ағымдағы жылы Түркияда, Индонезия мен Грузияда Қазақстан киносының күндері өтті», - деді ол.

Оның айтуынша, Францияда, Иранда, АҚШ-та, Үндістанда,Чехияда, Швецияда, Канадада өткен кинофестивальдерде қазақстандық фильмдер әр түрлі номинациялар бойынша жүлделерге ие болды.

Сондай-ақ, А.Бөрібаев Қазақстанның кейбір кассалық фильмдері шетелде үлкен қызығушылыққа ие болып отыр.

«Бірқатар фильмдер шетелдік прокатқа шықты: «Жаужүрек мың бала» фильмі Сингапурде прокатқа шықты, фильм қазақ тілінде көрсетіліп, ағылшын, қытай субтитрларымен таныстырылды. «Студент» фильмі Францияда, «Шуақты күндер» фильмі Германияда прокатқа шықты», - деді ол. 

Индира Қауметова 


Back to the list