• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2014 жылы Индонезия мен АҚШ-та Қазақстанның мәдениет күндері өтті (ФОТО) 17.09.2014

«Соңғы бірнеше жылда ТМД-ның барлық елі, Еуропа мен Азияның алдыңғы қатарлы мемлекеттері мен Таяу Шығыс елдері, Индонезия мен АҚШ-та Қазақстанның мәдениет күндері, Қазақстан жылы, шығармашылық ұжым гастролі, сонымен қатар халықаралық фестивальдерде қазақстандық мәдени қызметкерлердің қатысуымен бірнеше шаралар ұйымдастырылды, енді Францияда қазақстандық мәдениет күндері жоспарланып отыр», - дейді А.Бөрібаев.

Оның айтуынша, қазақстандық мәдениетті таныстыру түрлі форматтағы шараларды қамтиды. Атап айтар болсақ, олар дәстүрлі классикалық және халықтық өнер мен көрме және концерттер ұйымдастыру.

Сонымен қатар, вице-министр Қазақстанның мәдениет күндері аясында АҚШ-та мамандандырылған Астана ЭКСПО-2017 көрмесі өткен.

«АҚШ-тағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында Нью-Йорктегі Карнеги-холлдың үлкен залында және Вашингтондағы Дж. Кеннеди атындағы Орындаушылық шеберлік орталығының концерт залында Қазақстанның өнерпаздарының концерті өтті», - дейді.

Индира Қауметова

Суретті түсірген Азамат Әлиев 


Back to the list