• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанға тұңғыш рет Мариинский театры  спектакльмен келеді 12.09.2014

Театрдың баспасөз қызметі хабарлағандай, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Рихард Вагнердің жойқын туындысы – «Нибелунг сақинасы» тетралогиясын  тамашалаудың ерекше мүмкіндігі туды, айта кетерлігі спектакль толық нұсқада Ресейдің жалғыз театрында – Мариинскийде ғана қойылады.

«Театрдың әйгілі спектакльдерінің біріне айналған тетралогияның эпостық ауқымы көне етіліп қойылғандығымен бірегей және оның жер бетінде аналогы жоқ», - делінген хабарламада.

Қойылымның тұжырымдамасы – Валерий Гергиев, Георгий Цыпин. «Рейн алтыны» және «Валькирия» операларының режиссері – Юлия Певзнер.

Дирижерлық тізгінде жарқырайтын көрнекті маэстро – Валерий Гергиев.

 


Back to the list