• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда классикалық  музыка фестивалі ашылды 09.09.2014

Жаңа «Shabyt» жазғы театрында ұйымдастырылатын фестивальді Александр Беляков бастаған Алматы қаласының әкімі эстрадалық-симфониялық оркестрі мен ресейлік «Кватро»тобының орындауындағы әйгілі классикалық шығармалар ашады.

«Оркестрлер шеруінде» тыңдармандар назарына әрбір қазақстандыққа белгілі Абай, Нұрғиса Тлендиев және өзге де отандық композиторлардың туындыларымен қатар  Бизе, Григ, Пуччини, Хачатурян секілді танымал сазгерлердің шығармалары ұсынылады.

«Сонымен қатар, өнер мерекесінде Динзухра Тлендиева бастаған Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі, Қанат Ахметовтың дирижерлығымен Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, А.Жұбанов пен К.Бәйсейітова атындағы музыкалық мектептердің оқушылары, КСРО мен Қазақстанның халық әртістері Бибігүл Төлегенова, Нұржамал Үсенбаева және Жания Әубакірова өнер көрсетпекші», - делінген хабарламада.

 


Back to the list