05.09.2014
Фестивальді әйгілі Мәскеу қуыршақ театры «Петрушка» спектаклімен ашады. Тәжікстан мемлекеттік қуыршақ театры (Душанбе қ.) «Соғыс жән Бейбітшілік туралы ойлар» атты қойылым көрсетеді
Сонымен қатар шарада «Алақай» (Ақтөбе қ.), «Равлик» (Киев қ.), «ТриЛика» (Мәскеу қ.), «Карабаска» (Пермь қ.), «КрошкаАрт», (Санкт Петербург қ.), «Ученый медведь» (Мәскеу қ.) және Гомель қуыршақ театрлары өнер көрсетеді.
Қырғыз Республикасының мемлекеттік қуыршақ театры Фестиваль үшін ерекше мәнге ие «Барлығына бақыт» тақырыбындағы спектакль ұсынады.
«Сондай-ақ, әлеуметтік қорғауға алынбаған қоғам топтардан шыққан мен мүмкіндіктер шектеулі балаларды театр жұмысына жақындатуды мақсат еткен іс-шара аясында «Өзгеге билет сыйла» атты қайырымдылық акциясы өткізіледі. Бұл акция ережелеріне сәйкес, барлық акцияға қатысам деушілер билетті кассада сатып алып, оны сол жерде тастап кету арқылы қаржылық себептерге байланысты билетті өзі сатып ала алмайтын адамдарға спектакльге қатысуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.