• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Тұңғыш Президент Музейін 10 жыл ішінде 1 млн адам тамашалаған 25.08.2014

«Мәдени-ағартудың барлық пішіндерін жетілдіру және музейлік коммуникациялардың енгізілуі жыл сайын келушілердің қатарын өсіреді,10 жыл ішінде музейге 10 мың адам келген. Біздің оқыту-ағарту бағдарламамыз барлық жастағылар үшін бейімді. 10 жыл ішінде музей 60 оқыту шарасын өткізді», - деді А. Сағынғали.

Оның айтуынша, Тұңғыш Президент Музейінің ашылуы Қазақстанның мәдени өмірінде жаңа серпін туғызды.

«Әрбір музейдің өз шығу тарихы бар. Біздің музей 2004 жылдың 28 тамызында ҚР Президентінің Жарлығымен ашылды. Осындай музейдің посткеңестік кеңістікте ашылуы мәдени өмірге жаңа серпін ала келді.Біздің алдымызда, мәдени-тарихи кешенді, жеке кітапхана мен Мемлекет басшысының мұрағатын қалыптастырып, оларды бір жерде сақтайтын қор ұйымдастыру міндеті тұрды», - деді ол.

Айта кетейік, ҚР Президентінің Тұңғыш Музейі өзінің 10 жылдығын тойлауда. Мереке барысында кешенді шараларды өткізу жоспарланған.

Индира Кауметова


Back to the list