• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада «Балалар әлемді бейнелейді» халықаралық фестивалі аясында жас суретшілер марапатталды 24.08.2014

Ағымдағы жылы шара 2013-2022 жылдарға арналған мәдениетті жақындастырудың он жылдығына бағытталып отыр. Шара барасында 150 жас талант пікірталастарға, тренингтерге, мастер-класстарға қатысуға мүмкіндік алды.

«Таныстырылған жобаға 700 жас қазақстандық, өзбекстандық, тәжікстандық, түрікменстандық, өзбекстандық  суретшінің туындысы кірді, бұл біздің мемлекеттеріміздің арасында бірлікті сақтаудың ниеті. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіріп, оларға шығармашылық табыс тілеймін», - деді мәдениет және спорт министрі Арыстан Мұхамедиұлының құттықтау сөзін ведомство хатшысы Қуатжан Уәлиев оқып берді.

Айта кетейік, 2014 жылдың 20-24 тамызы аралығында Қазақстан астанасында жас суретшілердің халықаралық фестивалі өтті.

Индира Кауметова

 


Back to the list