15.08.2014
Д.Крамер өз сөзінде Абай шығармаларының неміс оқырмандары үшін де құнды қазына екендігін айта келіп, неміс тіліндегі Абай шығармаларының қазақ елі оқырмандары үшін де қымбат екендігін мақтанышпен атап өтті.
Шараға қатысқан қала әкімі А.К.Каримов Абай шығармаларының қазақ халқының мәңгілік мұрасы, жастардың өмір бойғы рухани байлығы екенін айта келіп, неміс тіліндегі Абай шығармалары өз оқырмандарын табатынына сенім білдірді. Джонни Крамерге семейліктердің атынан сыйлығын ұсынып, өз ризашылығын білдірді.
«Айнхайт» неміс ансамблі Абайдың аудамасындағы Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін үш тілде, қоғам қайраткері, композитор, облыстық филармонияның әншісі Т.Рахимов Абайдың «Сегіз аяқ» әнін орындап, шетелдік қонақтарды Абай әндерімен таныстырды.Қатысушылар шара соңында Абайдың рухани орталығында жасақталған Абай оқыған әдебиеттер әлемімен танысты.