31.07.2014
ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш экспедиция алғаш рет дала жұмыстарына араласып, Ұлттық музейдің алғашқы өз бетімен қолға алған ғылыми-зерттеу қызметі ретінде жұмыс істемек.
Экспедицияның мақсаты Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеп қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанның алғашқы қауымдық және ортағасырлық археологиясының түрлі бағыттары бойынша ғылыми тақырыптарды кеңейту мен ғылыми қызметкерлердің әлеуеттерін арттыру болып табылады. Соның ішінде атқарылатын жұмыстардың бірегейі ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорын Ботай тұрағының жәдігерлерімен толықтыру және камералық, зертханалық жұмыстармен қамтасыз ету.
Музей қызметкерлеріне Ботай мәдениетінің энеолиттік жәдігерлері бойынша археология профессоры, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберт шеберлік сыныбын өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, Ботай археологиялық ескерткіші 1980 жылы ашылған. Ол Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіндегі Атырау ауданындағы 15 гектар жерде орналасқан.