29.07.2014
Сонымен қатар, ЮНЕСКО ұйымы қазақстандық режиссер Шәкен Аймановтың 100 жылдығын ресми түрде атаулы күндер қатарына қосты.
КСРО халық әртісінің мерей тойы 22 тамыз күні «Жұлдызды Жасыбай» фестивалінде аталып өтіледі. Шәкен Айманов туындыларындағы кинокартиналардағы әндер қазақстандық өнер жұлдыздарының орындауларымен көпшілікке ұсынылады. Бағдарлама бойынша КешYou, "Ринго", "Аюми" топтары өнер көрсетпек. Фстиваль қонақтары ретінде Ерке Есмахан, Ринат Малцагов, Меруерт Түсіпбаева қатысады. Мерекелік шараны атақты тележүргізуші Баян Есентаева, Тұрсынбек Қабатов пен киноактерлер Ғайни Құлжанов және Гүлбаушан Тілеубекова.
Дәстүрлі "Жұлдызды Жасыбай" фестивалі үш күн бойы Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде тойланады. Бұл Шәкен Аймановтың туған жері.
Кино өнерінің қайраткерінің мерейтойын тойлау биылғы жылдың ақпан айынан бастау алды. Ол уақытта Аймановтың түсірген киноларын көрсетумен басталды. Шығармашылық кештер мен Аймановтың туғандары және жақындарымен Павлодар облысы кітапханасы мен музейінде өткізілді.
Айта кету керек, Айтматовтың құрған образдарының арасында Исатайдың батырлық образы («Исатай-Махамбет» І.Жансүгіров), Ақан сері («Ақан сері-Ақтоқты» Ғ.Мүсірепов) пен Қобланды («Қарақыпшақ Қобыланды» М.Әуезов) образдары халықтың жадынан өшпестей орын алды.