03.07.2014
Айта кетейік, кеше Астана төрінде аумағы 74 мың шаршы метр жерді алып жатқан Ұлттық мұражайды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі ашқан болатын.
7 залдан, 8 қабаттан тұратын музейден Қазақстанның ерте ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі тарихын көре аласыз. Атап айтар болсақ, Алтын зал, Қазіргі заманғы өнер залы, Этнография залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Астана залы бар.
Әрқайсысында қайталанбас құнды экспозициялар жинақталған. Оған шетелдік қонақтар да жоғары баға берді.
Мұражай халықаралық стандарттарға сай техникамен жабдықталған. Экспозицияларды сақтап, климатты бақылайтын жарықтық-биологиялық қондырғылар жұмыс істейді.