• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда La Scala тұңғыш рет  өнер көрсетеді 30.06.2014

Рудольф Нуриевтің белгілі хореографиясындағы ласкалалық репертуардың 1980 жылғы қойылымы ұлы классикалық балеттер пантеонында өзінің лайықты орнын иеленді. Балетке миландық театрдың шығармашылық ұжымынан 100 астам адам қатысады. Аталған қойылым қос театр арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Екі жылдан астам уақыт бұрын бастау алған әріптестік қарым-қатынас алғашқы нәтижесін бере бастады, осылайша «Астана Опера» театрында La Scala түпнұсқадағы спектаклі – Лука Ронконидің қойылымындағы «Тоска» операсы ұсынылды. Күзде La Scala кезекті спектаклі – «Аида» операсының тұсауы кесіледі, режиссері Франко Дзефирелли. Сонымен қатар La Scala театрының Академиясымен білім алу саласындағы серіктестік жөніндегі жоба жүзеге асырылып жатыр, деп театрдың баспасөз қызметі хабарлады. 


Back to the list