29.06.2014
«Бәйтерек медиа-орталығында хабарлағандай, жас суретшілер өз жұмыстарын «Бурабай» ұлттық паркінде апта бойы салды.
Жобаның үздік қатысушылары мараппаталды.
Сондай-ақ, әділ қазылар алқасы балалардың үй жұмысына да баға беріп, кітаптар сыйлады.
Айта кетейік, «Жер ана – ортақ мекеніміз» 12-ші Республикалық экологиялық балалар байқауы Бурабай паркінде 2014 жылдың 22-28 маусым аралығында өтті.
Сайысқа 12-16 жас аралығындағы дарынды балалар қатысты.