19.06.2014
2014 жылдың 21 маусымында «Астана Опера» театрының алаңында алғашқы жазғы би фестивалі бастау алады. Фестивальдің ашылуы латын-американдық билер мәдениетіне арналады, деп «Астана Операның» баспасөз қызметі хабарлады.
Бағдарламада – Астана қ. би студиялары мен мектептері шәкірттерінің орындауындағы көрнекі балдық және әлеуметтік латын-американдық билер.