• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Өзен әуендері» фестивалінің қатысушыларын тосын сый күтуде 16.06.2014

5 шілде күні дәстүр бойынша Кеш шымылдығын симфониялық музыка концерті ашады.  Биыл Түркиядан келген арнайы қонақтар - танымал дирижер Зафер Гюндогду жетекшілігіндегі Анкара қаласының Мемлекеттік опера және балет театры оркестрінің өнер көрсетуі баршаға үлкен тосынсый болмақ.  Анадолының бай музыкалық мұрасының үздік інжу-маржанын терген оркестр классикалық және ұлттық туындыларды шебер біріктіре отырып, тыңдарманның құлақ құрышын қандырмақ.

Нағыз өнер - тамылжыған музыка мен әсем бидің үйлесуінде жатыр деген сөз бар. Бұған қонақтар 6 шілде күні Классикалық би кештерінде куә болмақ.  6 шілде күні Абай атындағы МАОБТ танымыл балет труппасының орындауында екі балет қойылымы көрсетіледі. Олар: екі көріністі «Шехерезада» (Н. Римский-Корсаков музыкасына жазылған, А. Бенуа либреттосы) бірактілі қойылымы және Ж.Бизе-Р.Щедриннің музыкасына жазылған бір көріністі «Кармен-сюита» балеті.

 «Өзен әуендері» кештері 7 шілде күні Камералық музыка кешіне жалғасады. Биыл ҚР Халық әртісі, көрнекті скрипкашы Гаухар Мырзабекованың жетекшілігіндегі «Камерата Қазахстана» ҚР Мемлекеттік камералық оркестрі өнер көрсетеді.   


Back to the list