• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елорда күні - барлық қазақстандықтар үшін айтулы мереке – М. Тінікеев 17.06.2014

«6 шілде күні барлық қазақстандықтар мен қала қонақтары елорда күнін тойлайтын болады. Бұл мереке барлығы күтетін айтулы мейрамға айналды. Себебі бұл мейрам жоғары дәрежеде өтіп, әлем жұлдыздарының басын қосады», - деді М. Тінікеев.

Ол сондай-ақ, Елорда күні қалаға  өзге өңірлерден адамдар ағылып келетінін атап өтті.

«Барлық облыс орталықтарының өкілдері астанаға өз өнерін көрсетуге бас қосады. Сондықтан да елорда күні барлығының есінде сақталатын ерекше мерекелердің бірі деп ойлаймын», - деді депутат.

Сондай-ақ, депутат алыс жақын шетелдің адамдары Астана сұлулығына тәнті екенін атап өтті.

«Мен бұл күні барлық қазақстандықтарды құттықтап, ізгі ниетімді білдіргім келеді. Біздің елордамыз күн санап өсіп, көркейіп белестерді бағындыра берсін. Президенттің қаланы дамыту үшін атқарып жатқан еңбегі ақталса екен дейміз. Ол осы орайда бірқатар келіссөздер өткізіп отырады. Қала тұрғындары мен шетелдік қонақтар үшін барлық жағдайды  жасауға  ниетті. Мен біздің қаламыз өсіп, одан әрі дами бергендігін қалаймын», - деді М. Тінікеев.

Индира Кауметова


Back to the list