• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Түркия мемлекеттік театры Астанада «Meraki» комедиясын сахналайды 11.06.2014

Олардың ішіндегі ең айтулысы – Түркия Мемлекеттік театрының «Мераки», қазақ тіліне аударғанда «Үрейлену» мағынасын беретін қойылым. Бұл өмірі үрейленіп жүріп, ақыры түрлі күлкілі оқиғаларға тап болатын адам жайлы әсерлі әрі жайдарлы комедия. Кейіпкер айналадағы бар нәрсеге алаңдайды, әрнені білгісі келеді. Соңында, бойын билеген өлім мен аурудан қорқу сезімі оны тығырыққа тірейді6 деп мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі  ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы хабарлады7

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры сахнасында  Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театры (Павлодар), Маңғыстау қуыршақ театры (Ақтау) , А. Иманбаева атындағы театрландырылған-музыкалық орталығы (Алматы)  өнерлерін паш етеді.

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры сахнасында М. Горький атындағы Мемлекеттік республикалық орыс драма театры, Облыстық орыс драма театры (Қостанай), Ақмола облыстық орыс драма театры (Көкшетау),  С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театры (Жезказган) өнер көрсетеді.

«Жастар» (Оқушылар сарайы) театры сахнасында Түркия мемлекеттік театры «Meraki», Ғ. Мүсірепов атындағы жас көрермендер театры (Алматы) «Күшік күйеу» комедияларвын қояды.

Халықаралық театр фестивалі аясында Астанаға барлығы 204 қатысушы келеді. 


Back to the list