• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада қырғыз суретшісі Д.Үстеміровтың көрмесі ашылды (ФОТО) 10.06.2014

«Біз суретшімен 10 жылдай уақыттан бері тығыз байланыс ұстап келеміз. Оның шығармашылығы біздің халыққа кеңінен танымал. Оның шығармашылығын жылы қабылдап, еңбектерін жоғары бағалаймыз. Біз көшпенді халық ұрпағы ретінде Диастың өнерінен шынайылық пен өміршеңдікті көреміз. Бүгін суретші Астанаға 45 жұмысын арқалап келіп отыр. Әрбір еңбек өзінше ерекшелікке ие бола отырып көпшілікті бей-жай қалдырмайды. Бүгінгі шараның өткізілуі бәрімізге қуаныш сыйлап отыр», - дейді «Шежіре» заманауи өнер галлереясының директоры Роза Жүсіпова.

Өз кезегінде суретші көрмеге алып келген еңбектерінің басты тақырыбына тоқталды.

«Менің қазақ халқына, жеріне деген алғысым шексіз. Бауырлас ел менің шығармашылығымды ешқашан жатырқаған емес. Осымен мен екінші жеке көрмемді ұйымдастырып отырмын, алғашқысы 1999 жылы Ә.Қастеев музейінде өткен болатын. Жалпы, көшпенділер өркениетін құрушы екі элементтің бірі адам болса, екіншісі жылқы екені анық. Менің пікірімше көшпенді өмірде жылқы түлегінің алар орны ерекше», - дейді Диас Үстеміров.

Суретші Диас Үстеміров В.И.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық көркемсурет институтын қондырғылы көркемсурет факультеті бойынша бітірген. Бүгінде оның жұмыстары көптеген мемлекетте жеке коллекцияларда сақталуда. Атап айтқанда, АҚШ, Канада, Франция, Англия, Германия, Жапония, Қытай, Түркия, Малайзия, Австралия.

Камила Амирова 

 


Back to the list