• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Әлем сахнасын бағындырған қазақстандықтар Қала күнінде «Туған ел төсіндегі концертін» қояды 10.06.2014

«Туған ел төсіндегі концерт» - бұл туған елге, мәдениетіне деген құрмет және классикалық өнердің барлық музыкалық жанрларын дәріптеу. Аталмыш концертте классикалық музыканың әлемдік  жауһарлары жаңаша сипатта орындалады әрі көрмендер сирек туындылармен құлақ құрышын қандыра алады.

Концерт бағдарламасына Ф.Листтың «Венгерская рапсодия», Су Чонгтың Қытай ханзадасының ариясы, Дж.Вердидің «Сицилийская Вечерня» операсынан Елена болеросы және әлемнің танымал  туындылары мен отандық авторлардың шығармалары енгізілген. Музыканттарды дирижер Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» симфониялық оркестрі сүйемелдейді.

 

 


Back to the list