• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Әлемнің 16 елінің талантты балалары «Шаттық» фестиваліне қатысады 10.06.2014

Шарада Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Әзербайжан, Беларусь, Саха Республикасы, Татарстан, Ингушетия, Литва, Латвия, Болгария, Қытай, Түркия және Израиль елдерінің 700-ге жуық балалары бас қосады.

««Шаттық» халықаралық жас таланттар фестивалінде балалар өз өнерлерін вокал, хореография, ұлттық орындаушылық, балалар сән театры, оригиналды жанр номинацияларында көрсетеді. Балалардың шат күлкісіне толы аталмыш мерекенің мақсаты - талантты орындаушылар мен ұжымдарды іздеу, рухани әрі көркем талғам қалыптастыру, балалар ұжымдары репертуарын жаңарту және халықаралық байланысты кеңейту болып табылады», - делінген хабарламада.

«Бәйтерек» монументі алдындағы алаңда өнер көрсетеді. Қатысушыларға КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың басшылығындағы халықаралық қазылар алқасы баға беріп, сыйлықтар табыстайды.

 


Back to the list