07.06.2014
Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, елорда тұрғындары мен қонақтары 10 маусымнан бастап ай соңына дейін Үстеміровтың туындыларымен таныса алады. Мәдение шара «Рамада Плаза» ғимаратында орналасқан «Шежіре» галереясында өтеді.
Суретші Диас Үстеміров В.И.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық көркемсурет институтын қондырғылы көркемсурет факультеті бойынша бітірген. Бүгінде оның жұмыстары көптеген мемлекетте жеке коллекцияларда сақталуда. Атап айтқанда, АҚШ, Канада, Франция, Англия, Германия, Жапония, Қытай, Түркия, Малайзия, Австралия.