• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада әскери  оркестрлердің парады  өтеді (ФОТО) 12.05.2014

Үрмелі оркестрлер фестивалі «KADEX-2014» үшінші халықаралық көрме аясында ұйымдастырылмақ. Оған ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрі, ҚР ІІМ Ұлттық гвардияның Орталық оркестрі, сондай-ақ Түркия, АҚШ және Францияның әскери оркестрлері қатысады, деп қорғаныс министрлігінде хабарлады.

Әскери оркестрлер «KADEX-2014» көрмесінде, Есіл өзені жағасында концерттік бағдарламалар қояды, Республика даңғылы бойында парад шеруін өткізеді.

Сонымен қатар, үрмелі оркестрлер қала тұрғындары мен қонақтарының назарына «Tottoo show» бағдарламасын ұсынады.      


Back to the list