• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана Операда «Тоска» операсының  тұсаукесері өтуде 11.05.2014

Театрдың ресми порталы хабарлағандай, аталған қойылымның ерекшелігі – операның басынан аяғына дейін сахнада нағыз итальяндық рух үстемдік етеді.Декорациялар, костюмдер, реквизиттер – барлығы аты аңызға айналған «Ла Скала» театрынан жеткен. 

Шақырылған әншілер бүгінде опера индустриясының ең сұранысы жоғары жұлдыздары, олар өз дауыстарымен биік өнердің асқақ деңгейін көрсетеді.

Айта кетерлігі, суретші Каварадосси партиясын бүгінде әлемнің «төртінші» теноры деп атауға әбден лайық болған Марсело Альваресорындайды, басты партияны шырқайтын – Анна Пироцци, ал зұлым Скарпианың ролін атақты баритон Паоло Сильверидің шәкірті – Альберто Мастромарино сомдайды. 

Дирижерлық тізгін Италия, Ұлыбритания, Франция, Жапония және басқа елдердің театрында атағы шыққан маэстро Антонелло Аллемандиде.


Back to the list