05.05.2014
Түрлі мерекелік шараларды ұйымдастырып, өткізе отырып, адамдар 9 мамыр күні Ұлы Жеңіске қол жеткізген ата-бабаларымызға тағзым етеді.Бұл дәстүрлі шара оқушыларды патриоттық және рухани-адамгершілік құндылықтарға, салт-дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға, тарих пен мәдениетке тарту, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында бес жылдан бері өткізіліп келеді, деп Астана қаласының әкімдігі хабарлады.
Оқушылар туындыларын түрлі техникамен жасаған: тоқыма материалдардан жасалған көркемдік жұмыстар, ағашты көркемдік өңдеу, металл, керамика, мүсін, теріден жасалған көркемдік бұйымдар, қағаз шығармашылығы, қолданбалы өнердің дәстүрлі емес түрлері, акварельмен салынған картиналар, тақырыптық коллаждар.
Байқау соңында оқушылардың үздік еңбектері анықталды, енді олар Ардагерлер үйінде ҰОС қатысушыларға табысталады.