• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада Жамбыл облысының мәдениет күндері өтеді 18.04.2014

Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, 21 сәуірде Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Академиялық драма театрында Шерхан Мұртазаның «Домалақ ана» қойылымы қойылады.

Осы күні М.Горький атындағы Мемекеттік Академиялық орыс театрында Жамбыл облыстық орыс драма театрының «Тұран Кентаврлары» символикалық драмасының көрсетілімі болады.

Сонымен қатар, 22 сәуірде «Тараз – ғасырлар куәсі» мұражай экспонаттарының театрландырылған көрмесі ұйымдастырылады. Шара Бейбітшілік және Келісімі сарайында өтеді.

Жамбыл облысының мәдениет күндерін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 22 сәуір күні өтетін гала концерт тәмамадайды.


Back to the list